ҚАТТЫ ЖАУЫН-ШАШЫНҒА БАЙЛАНЫСТЫ ТАУЛЫ ӨҢІРЛЕРДЕ СЕЛ ЖҮРУІ МҮМКІН

Уақыты: 15.08.2021
Оқылды: 1128
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Алматы облысының төтенше жағдайлар департаменті ауа райына қатысты алдын ала ескерту жариялады.

"Қазгидромет" РМК-ның ескертуі негізінде 15-16 тамыз күндері кейбір аумақтарда қатты жаңбыр жауатынына байланысты Алматы облысының таулы өңірлерінде көлбеу ағындардың қалыптасуы және өзендерде су деңгейінің көтерілуі күтілуде.

Алматы облысының ТЖД азаматтарды ауа райының өзгеруін бақылауға және сақтық шараларын қатаң ұстануға шақырады. Дауылды ескертулер және басқа да шұғыл ақпаратты жедел алу үшін сіз «Дәрмен» тегін мобильді қосымшасын жүктей аласыз.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"