ЖАҢБЫР, ЖЕЛ, БҰРШАҚ: АЛДАҒЫ ЕКІ КҮНДЕ АУА РАЙЫ КҮРТ ӨЗГЕРЕДІ

Уақыты: 23.08.2021
Оқылды: 1460
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Алматы облысының төтенше жағдайлар департаменті ауа райына қатысты ескерту жариялады.

"Қазгидромет" РМК-ның дауылды ескертуі негізінде 24-25 тамыз күндері Алматы облысының Іле және Жетісу Алатауының кейбір аумақтарында жаңбыр жауып, күн күркіреуі мүмкін. Сондай-ақ, бұршақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетеді.

Алматы облысының тұрғындарын ауа райын бақылауға және сақтық шараларын қатаң ұстануға шақырамыз. Дауылды ескертулер және басқа да шұғыл ақпаратты жедел алу үшін «Дәрмен» тегін мобильді қосымшасын жүктей алуға кеңес береміз.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"