БІР КҮНДЕ 49 БАЛА КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРҒАН: ОБЛЫСТАҒЫ ЭПИДАХУАЛ

Уақыты: 25.08.2021
Оқылды: 1145
Бөлім: КҮНДЕРЕК

25 тамыздағы жағдай бойынша Алматы облысында 358 адам коронавирус жұқтырды. Бұл туралы "Жетісу" газеті мәлімдеді.

Өсу қарқыны 0,9 пайызды құрады, оның ішінде 301 симптомдық және 57 симптомсыз жағдай анықталған. КВИ анықталған 358 адамның 49-ы 14 жасқа дейінгі бала. Оқушылар арасында 25, студенттер арасында 4 жағдай тіркелді.

Алматы облысының аудан-қалалары бойынша сырқаттанушылық көрсеткіші төмендегідей: Ақсу - 9, Алакөл - 9, Балқаш - 17, Еңбекшіқазақ - 29, Ескелді – 15, Жамбыл – 23, Іле - 15, Қарасай - 25, Қаратал - 13, Кеген - 6, Кербұлақ - 5, Көксу - 13, Панфилов – 21, Райымбек - 1, Сарқан – 4, Талғар – 30, Ұйғыр – 12, Талдықорған - 97, Текелі - 12, Қапшағай - 2.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"