ТАЛДЫҚОРҒАНДА КОНСТИТУЦИЯ КҮНІНЕ ОРАЙ БІРНЕШЕ БЕЛСЕНДІ МАРАПАТТАЛДЫ

Уақыты: 27.08.2021
Оқылды: 1281
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Қазақстан Республикасының Конституция күніне орай "Ата Заңым - айбыным!" атты "Алматы облысының ішкі саясат басқармасы "ММ "Қоғамдық келісім" КММ-нің ұйымдастыруымен дөңгелек үстел өтті. Бұл туралы "Жетісу" газеті хабарлады.

Ата Заң тәуелсіздігіміз бен тұтастығымыздың кепілі ретінде біздің бірлігімізді бекемдеп, елдегі тұрақтылық пен татулықтың берік тұтқасы болып келеді. Конституцияда халық мемлекеттің қайнар көзі екені айқындалған. Жаңа Конституция қабылдау арқылы Қазақстан жаңа дәуірге қадам басты.

Конституция – біз бірлесіп жаңа қоғам, жаңа мемлекет, жаңа экономика тұрғызып жатқан сенімді іргетас. Бүгінде Жетісудың берекелі өлкесінде 105 этнос өкілі тұрады. Осының бәрі - тәуелсіздіктің, бейбітшілік пен келісімнің негізі.

Дөңгелек үстелдің модераторы "Алматы облысының ішкі саясат басқармасы" ММ бөлім басшысы Алтын Жамбылқызы болды. Іс-шараға Алматы облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы  этномәдени бірлестіктерінің өкілдері, Аналар кеңесінің мүшелері,  кәсіби медиаторлар, әскери қызметкерлер қатысты.

Іс-шара соңында жасөспірімдерге жеке куәліктер табыс етіліп, облыстық Ассамблея қызметіне белсенді қатысқаны үшін ҚХА жанындағы құрылымдардың бірқатар белсенділері Алғыс хаттармен марапатталды.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"