РАЙЫМБЕК АУЫЛЫНДА ТӨРТ АДАМ ЖОЛ-КӨЛІК ОҚИҒАСЫНАН МЕРТ БОЛДЫ

Уақыты: 27.08.2021
Оқылды: 1215
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Қарасай ауданы Райымбек ауылында көлік апатынан 4 адам ажал құшты. Оның үшеуі ауруханада көз жұмған. Бұл туралы "Жетісу" газеті Алматы облыстық полиция департаменті баспасөз қызметіне сүйеніп хабарлады.

«Алдын ала болжам бойынша, "Toyota Karina" көлігінің жүргізушісі қарсы бағытқа шығып кеткен. Салдарынан "Lada 2107" көлігіне соғылған. Оқиға орнында "Lada 2107" автомобилінің 21 жастағы жолаушысы мерт болды. Сондай-ақ, аталған көліктің 61 жастағы жүргізушісі және "Toyota Karina" көлігінің 54 және 24 жастағы жолаушылары Қаскелеңдегі орталық ауруханада жан тапсырды. «Toyota Karina« көлігінің жүргізушісі мен үш жолаушысы аурухана түсті», - делінген полиция таратқан хабарламада.

Полиция ақпаратына сәйкес, қазір бұл факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 3-бөлігіне сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Қажетті сараптамалар тағайындалды.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"