АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА АУА РАЙЫНА ҚАТЫСТЫ ТАҒЫ БІР ЕСКЕРТУ ЖАРИЯЛАНДЫ

Уақыты: 29.08.2021
Оқылды: 1167
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Алматы облысының төтенше жағдайлар департаменті таулы аймақтарда жаңбыр жауып, күн күркірейтінін мәлімдеді. Сондай-ақ, жел соғуы мүмкін. Бұл туралы "Жетісу" газеті хабарлайды.

"Қазгидромет" РМК-ның дауылды ескертуі негізінде 29-31 тамыз күндері Алматы облысының таулы аумақтарында аз уақытты жаңбыр жауады, күн күркірейді. Желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетеді.

"Алматы облысының ТЖД азаматтарды ауа райының өзгеруін бақылауға және сақтық шараларын ұстануға шақырады", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, кеше және бүгін Алматы облысында +35 градусқа дейін ыстық температура тіркелуде. Төтенше жағдайлар департаменті қатты ыстыққа байланысты хабарлама жариялап, тұрғындарды үйде, далалы жерде өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауға шақырды.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"

Сурет ғаламтордан алынды