МЫҢБАЕВ АУЫЛЫНДА 100 БҮЛДІРШІНДІ ҚУАНТАТЫН БАЛАБАҚША АШЫЛДЫ

Уақыты: 31.08.2021
Оқылды: 1124
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Конституция күнінде Жамбыл ауданында жаңа балабақша ашылды. Бұл туралы "Жетісу" газеті хабарлады.

Жамбыл ауданындағы бөбекжай көрсеткіші 99,7 пайызға өсті. Жалпы, Алматы облысы бойынша 1325 балабақша қызмет істейді және олар 101,7 мың баланы қабылдайды. Мыңбаев ауылында ашылған "Айжұлдыз" балабақшасына жергілікті бюджеттен 262 млн.теңге бөлінген. Екі қабаттан тұратын 100 орынды ғимаратта балалар үшін барлық жағдай жасалған. Бөбекжайдың ашылуына Жамбыл ауданының әкімі Нұрлан Ертас қатысты.

Жамбыл ауданындағы балабақша саны 116 болса, оның 85-і жеке меншік, 18-і мемлекеттік, 13-і мектепке дейінгі шағын орталық. Айта кету керек, Алматы облысында 3-6 жас аралығында балабақшаға баратындардың нәтижесі 95,4 пайызды құрап отыр. Жыл соңына дейін 99 пайызға дейін жеткізу жоспарланған.

Облыстық білім басқармасының мәлеметінше, мектепке дейінгі мекемелер штаттық режимде әр топта 20-25 баламен жұмыс істейді. Оның үстіне мектепке дейінгі білім беру жүйесін жаңартып, жаңа бағыт бойынша жұмыс істеу жоспарланған.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"