ТЕМЕКІ ТАҢБАЛАУДЫ ЖЕҢІЛДЕТПЕСЕ, КӘСІПКЕРЛЕР ШЫҒЫНҒА ҰШЫРАУЫ МҮМКІН

Уақыты: 07.09.2021
Оқылды: 1263
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Талдықорғанда «Үй жанындағы дүкен» өкілдері темекі өнімдерін таңбалауды жеңілдетуді ұсынып отыр. Олай болмаған жағдайда дүкен иесі таңбалау жүйесін енгізу үшін кемінде жарты миллион теңге жұмсауға мәжбүр. Бұл туралы кәсіпкерлер «Атамекенде» облыстың цифрлық экономиканы дамыту орталығы мен мемлекеттік кірістер департаменті өкілдерімен кездесуінде айтты.

Сауда дүкендері иелерінің айтуынша, өткен жылдың қазан айында енгізілген міндетті сандық темекі таңбалау бизнеске белгілі бір шығындар әкеледі.

- Кез келген жаңашылдық материалдық шығындарға алып келеді. Таңбалау тауарлардың тағы бір қымбаттауына әкеледі деп санаймыз. Мысалы, таңбалауға арналған сканер 23-27 мың теңге тұрады. Тағы да барлық сканер кассалық машиналарға сәйкес келмейді. Кассалық машиналардың құны 60 мыңнан басталады. Ескі кассалық аппараттарда тек 400-500 тауар атауы қарастырылған. Ал темекіде шамамен 1800 атау бар! Сонымен қатар, біз кодты сканерлеген кезде құрылғы атауды анықтай алмайтын проблемаға тап болдық. Іс жүзінде сканер, чектер принтері, терминал посты, ноутбук сатып алу кем дегенде 500 мың теңгені құрайды, – дейді «Біз – бірге күштіміз» қауымдастығының төрағасы, Талдықорған қаласы қоғамдық палатасының мүшесі Эдиль Казакпаев.

Сарапшы ұсынылған Data Matrix код сканері ақпараттық жүйеде бар деректердің қайталануы деп санайды. Сонымен қатар, таңбалау жүйесінде қабылдау-тапсыру актісін растау үрдісі белгілі бір уақытты талап етеді және жұмысты қиындатады. Төмен жылдамдық пен интернеттің жоқтығы туралы мәселе де ашық күйінде қалып отыр.

Таңбаланған темекіні сату үшін бөлшек сауда дүкені сайтта таңбалау жүйесіне markirovka.kz. тіркелуі керек. Содан кейін 2D сканерін сатып алып, кассалық машинаны «жыпылықтатып», Data Matrix кодымен белгіленген өнімді қабылдау қажет. Цифрлық экономиканы дамыту орталығының өкілдері кәсіпкерлер үшін тегін балама-Naqty Sauda мобильді қосымшасы бар екенін айтады.

- Цифрлық экономиканы дамыту орталығы тауарларды цифрлық таңбалау мен қадағалаудың бірыңғай ұлттық жүйесін іске асыру үшін құрылған. Міндетті таңбалаудың мақсаты – халықты контрафактілік өнімдерді тұтынудан қорғау және заңсыз айналымды көлеңкеден шығару. Талдықорғанда біз бірнеше «үй жанындағы дүкендерді» аралау жүйесімен таныстық. Алдағы уақытта біздің жұмысымызда қарастырылатын және ескерілетін кәсіпкерлердің мәселелері мен ұсыныстары талқыланды, – дейді бөлшек бизнеспен жұмыс жөніндегі жоба жетекшісі Алина Черанева.

Кездесуді қорытындылай келе, Алматы облыстық кәсіпкерлер палатасының сарапшысы Санат Түсіпов таңбалау жүйесін қолдануды жеңілдету туралы бизнес ұсыныстарын әзірлеушілердің назарға алуы және кәсіпкерлік қоғамдастықпен кері байланыс пысықталуы тиіс екенін атап өтті.

Айгүл БАЙБОСЫНОВА

Сурет ғаламтордан алынды