АҚСУ АУДАНЫНДА ШАМАМЕН 200 МЫҢ ТЕҢГЕ ТҰРАТЫН ЛЮК ҰРЛАНДЫ

Уақыты: 09.09.2021
Оқылды: 996
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Ақсу ауданында әккі ұры ұсталды. Бұл туралы "Жетісу" газеті хабарлады.

Полицияға Ақсу ауданы, Таусамалы ауылы көшелерінің бірінде орналасқан темір люктің ұрланғаны жайында жауапкершілігі шектеулі серіктестік басшысы арызданған. Шығын мөлшері 197 мың теңге көлемінде бағаланған.

- Полицейлер күдіктінің ізіне түсіп, оның 37 жастағы жергілікті тұрғын екенін анықтады. Сонымен қатар, тергеу амалдары барысында күдіктінің бұдан өзге аудан аумағында орын алған мал ұрлығының екі дерегіне қатысы бар екені белгілі болды. Ол өз кінәсін толығымен мойындап отыр. Қазіргі таңда күдіктінің өзге де қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сай жария етілмейді, - дейді Ақсу аудандық полиция бөлімінің бастығы, полиция подполковнигі Дәурен Сәкенов.

Бүгінгі күні күдікті уақытша ұстау оқшаулағышына қамауға алынды. Оған қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 188-1 бабының 3-бөлігі және 188-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"