ҚАСКЕЛЕҢДЕ ІШІМДІККЕ ТОЙҒАН ӘЙЕЛ КӨПІРДЕН СЕКІРІП КЕТЕ ЖАЗДАДЫ

Уақыты: 12.09.2021
Оқылды: 1228
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Қарасай ауданында мас әйел көпірден секірмекке әрекеттенді. Бұл туралы «Жетісу» газеті мәлімдеді.

Қаскелеңде патрульдік полиция ротасының командирі Б.Жарқынбеков пен РПП қызметінің инспекторы Н.Жұматаев "Жер-Ана" базарына іргелес аумақты бақылап жүрген. Құқық қорғау органдарының қызметкерлері Қаскелең өзенінің бойында Асқаров көшесіндегі көпірде тұрған әйелді байқап қалады. Ол көпір қоршауын қолымен ұстап, төмен секіргісі келетінін айтқан.

Полицейлер еш ойланбастан оған көмекке ұмтылды. 36 жастағы қала тұрғынының алкогольдік мас күйде болғаны анықталды. Ол бұл әрекетінің себебін түсіндіргісі келмеді. Ал ұйықтап тұрғаннан кейін полиция қызметкерлері мұндай жағдай қайталанбайтынына кепілдік алып, ұсталған әйелді үйіне жіберді.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"