ҮШТӨБЕ МАҢЫНДА ЕКІ КӨЛІК СОҚТЫҒЫСЫП, ЖҮРГІЗУШІЛЕР КӨЗ ЖҰМДЫ

Уақыты: 13.09.2021
Оқылды: 912
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Талдықорған мен Үштөбе арасын жалғаған жолда екі көлік соқтығысып, жүргізушілер көз жұмды. Қайғылы оқиға кешкі сағат 19:15 шамасында болған. Бұл туралы "Жетісу" газеті мәлімдеді.

Алматы облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Талдықорған-Үштөбе тас жолының 41-нші шақырымында «Тойота Карина» және «Ауди-80» көліктері бетпе-бет келіп соқтығысқан. Апат салдарынан екі көліктің де жүргізушісі жантәсілім еткен. Сондай-ақ, «Тойота Карина» көлігінің 4 жолаушысы түрлі дене жарақатымен Үштөбе ауруханасына жеткізілген.

Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы, 4-бөлігіне сәйкес қылмыстық іс қозғалды, тергеу жүріп жатыр.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"