Оқи отырыңыз
Айдың-күннің аманында 8 жасар баланы көлік қағып, мерт қылды. Қайғылы жағдай Іле ауданында болған.
«Кешкі сағат 18:10 шамасында Іле ауданында 8 жастағы баланы көлік қағып кетті. Ол ауруханаға жетпей көз жұмды», - деді Алматы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілдері. Департамент ақпаратына сәйкес, «Toyota» көлігінің 23 жастағы жүргізушісі «Қосөзен - Шелекемер» жолында 8 жасар жаяу жүргіншіні қаққан. Қазір аталған факті негізінде ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы, 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қажетті сараптамалар тағайындалған.
"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"