АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА ҚАР АРАЛАС ЖАҢБЫР ЖАУЫП, ҰЙЫТҚЫҒАН ЖЕЛ СОҒАДЫ

Уақыты: 29.09.2021
Оқылды: 1348
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Алматы облысының төтенше жағдайлар департаменті ауа райына қатысты мәлімдеме жасады. Бұл туралы "Жетісу" газеті хабарлады.

"Қазгидромет" РМК-ның ескертуі негізінде 30 қыркүйек пен 2 қазан күндері Алматы облысының таулы және тау бөктеріндегі аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), найзағай, бұршақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетеді. Жел ұйытқып соғады, сонымен бірге, ауа температурасы -2 градусқа дейін төмендейді.

Осыған байланысты Алматы облысының төтенше жағдай қызметі азаматтарды ауа райының өзгеруін бақылауға және сақтық шараларын ұстануға шақырады. Дауылды ескертулер және басқа да шұғыл ақпаратты жедел алу үшін «Дәрмен» тегін мобильді қосымшасын жүктеп алуға болатынын ескертеміз.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"