ЖАС МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІ ҚАНДАЙ БОЛУЫ КЕРЕК? КЕЛЕЛІ КЕЗДЕСУ

Уақыты: 30.09.2021
Оқылды: 1533
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Жастарға қызмет көрсету орталығында «Nur Otan» партиясы Алматы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, облыстық мәслихат депутаты Гүлнар Тойлыбаева және Алматы облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің алдын алу және парасаттылық басқармасының басшысы Асқар Садықовтың қатысуымен жас мемлекеттік қызметшілермен TEDx форматында кездесу өткізілді.

Шараға Алматы облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Елдар Сапаров модераторлық етті.

Аталған іс-шара мемлекеттік қызметтің оң имиджін қалыптастыру, өз еліне адал және парасатты қызмет ету, жастардың дамуына жәрдемдесу, сондай-ақ, Алматы облысының мемлекеттік қызметшілері арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті ілгерілету мақсатында ұйымдастырылды.

Кездесу қорытындысы бойынша адал еңбек жолымен нәтижеге қол жеткізген қайраткерлер мен ардагерлердің өнегелі өмірін мысалға келтіріп, жемқорлықтан ада қоғам қалыптастырудың одан әрі жоспары әзірленді.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"