АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА -3 ГРАДУСҚА ДЕЙІН КҮН СУЫТАДЫ: АУА РАЙЫ БОЛЖАМЫ

Уақыты: 01.10.2021
Оқылды: 1118
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Алматы облысының төтенше жағдайлар департаменті ауа райының күрт суытуына байланысты ескерту жариялады.

"Қазгидромет" РМК ескертуі негізінде 1 қазан күні Алматы облысының таулы және тау бөктеріндегі аудандарында -3 градусқа дейін суытады. Сондай-ақ, Алматы облысының оңтүстік және шығыс аумақтарында 17-22 м/с жылдамдықпен батыстан жел соғады.

Алматы облысының ТЖД азаматтарды ауа райының өзгеруін бақылауға және сақтық шараларына мән беруге шақырады.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"