ЖАҢБЫР, ҚАР, ТҰМАН: ОБЛЫС ТҰРҒЫНДАРЫНА АУА РАЙЫНА ҚАТЫСТЫ МАҢЫЗДЫ ЕСКЕРТУ

Уақыты: 02.10.2021
Оқылды: 1459
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Алматы облысының төтенше жағдайлар департаменті алдағы үш күнде ауа райының күрт суытуына байланысты ескерту жариялады.

"Қазгидромет" РМК негізінде 2-4 қазан күндері аралығында Алматы облысының таулы және тау бөктеріндегі аудандарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауып, кей өңірлерде тұман түседі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, желдің екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетеді.

Осыған байланысты ауа райының өзгеруін бақылауға және сақтық шараларын ұстануға шақырамыз! Дауылды ескертулер және басқа да шұғыл ақпаратты жедел алу үшін «Дәрмен» тегін мобильді қосымшасын жүктеп алуға болатынын еске саламыз.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"