КЕРБҰЛАҚ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ ЖАСЫ ҮЛКЕН ҚАРИЯЛАРҒА СЫЙ-СЫЯПАТ КӨРСЕТТІ

Уақыты: 03.10.2021
Оқылды: 1111
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Бүгінгі ұрпаққа үлгі болатын қарияларымызды сыйлау, ізеттілік таныту ата-бабаларымыздан келе жатқан салтымыз. Қазақ қариясын сыйлаған халық. «Қарты бар үйдің қазынасы бар!» – деп бекер айтылмаса керек.

Қарттар күніне орай Кербұлақ ауданының барлық ауылында шаралар ұйымдастырылды. Кербұлақ ауданының әкімі Ғалиасқар Сарыбаев бір ғасырдан астам өмір сүрген бес ананы төл мерекелерімен құттықтап, гүл шоқтары мен сыйлықтар сыйлады. Жайнақ батыр ауылдық округінде тұратын кейуана әлі тың, өзі жүріп, тұрады. «Үлкен кісінің жасын берсін деп бата сұрайтындар көп», – дейді Джами Куянбаева әжеміз. Сонымен қатар, 1000-ға жуық ардагерге алғыс айтылып, сыйлықтар табысталды. Әр түрлі форматтағы іс-шаралар, акциялар ұйымдастырылып, мемлекет тарапынан бір жолғы көмек, шипажайларға жолдама, азық-түлікпен қамтамасыз етілді. Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері талай жасты тәрбиелеп, өскелең ұрпаққа үлгі-өнеге бола білген, 1979–1992 жылдар аралығында Сарыөзек ауылындағы кәсіби өрт сөндіру басшысы қызметін атқарған Виктор Оберенконі аталмыш төл мерекесімен құттықтап, сыйлықтар табыстады.

Кербұлақ ауданының полиция қызметкерлері де ардагерлерге құрмет көрсетті. Кездесу барысында ардагерлер қызметкерлерге тәлімгерлік бағыт-бағдар берді.

Раушан БИСЕМБЕКҚЫЗЫ,

Кербұлақ ауданы әкімінің баспасөз хатшысы

Алматы облысы