АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА БІР КҮНДЕ 197 АДАМНАН ҚАУІПТІ ІНДЕТ АНЫҚТАЛДЫ

Уақыты: 07.10.2021
Оқылды: 998
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Алматы облысында бір күнде 197 адам коронавирус жұқтырды.

Соның ішінде, Талдықорған қаласында 48 жағдай, Еңбекшіқазақ ауданында – 26, Панфилов ауданында – 21, Алакөл ауданында – 18, Іле ауданында – 17, Талғар ауданында – 11, Көксу және Сарқан аудандарында 10 жағдайдан, Ұйғыр ауданында – 8, Жамбыл ауданы мен Текелі қаласында 7 жағдайдан, Қарасай ауданында – 6, Ескелді ауданында – 4, Райымбек ауданында – 2, Ақсу және Балқаш аудандарында 1 жағдайдан тіркелді. Сондай-ақ, 367 адам емделіп шықты.

Бүгінгі мәлімет бойынша өңірде 1245 адам стационарлық ем қабылдауда. Бір тәулікте ауруханаға 121 адам түсті. Өңірдің ауруханаларындағы төсек-орын саны 2365. Төсек-орын жүктемесі – 52,3 пайыз.

Соңғы 3 күнде 8402 адамның сынамалары ПЦР зертханаларда тексерілді. Өткен тәулікте науқастармен қарым-қатынаста болған 28 адам анықталып, барлығы үй карантиніне және медицина қызметкерлерінің бақылауына алынды.

Алматы облысы бойынша коронавирусқа қарсы вакцинаның 1-ші компонентін алғандар саны – 760 023. Екпенің 2-ші компонентін алғандар саны – 668 522. Соның ішінде өткен күні екпе алғандар саны – 1444.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"