ҚАПШАҒАЙ МАҢЫНДАҒЫ ЖОЛ АПАТЫНАН ТАҒЫ БІР АДАМНЫҢ ӨМІРІ ҚИЫЛДЫ

Уақыты: 08.10.2021
Оқылды: 2022
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Қапшағай қаласында көлік апатынан бір адам мерт болды. Тағы алты адам зардап шекті.

Алматы облыстық полиция департаменті жол апаты «Алматы-Өскемен» автожолы бойында тіркелгенін растады. Алдын ала мәлімет бойынша, сағат 17:00 шамасында «Kia Cerato» көлігінің 21 жастағы жүргізушісі рульге ие бола алмай қалып, алдында келе жатқан «Газель» көлігіне соғылған. «Салдарынан 6 адам зардап шекті. Олар Қапшағай қаласындағы ауруханаға түсті. Зардап шеккен 27 жастағы ер адам жансақтау бөлімінде көз жұмды. Қазір аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 3-бөлігіне сәйкес тергеу басталды», - делінген полиция хабарламасында.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"