АТЫ-ЖӨНІҢІЗ ҰНАМАЙ ЖҮР МЕ? БЕС КҮН ІШІНДЕ ӨЗГЕРТЕ САЛУҒА БОЛАДЫ

Уақыты: 14.10.2021
Оқылды: 1340
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Аты-жөніңізді қалай өзгертуге болады? Айта кетейік, Қазақстанның әрбір азаматы атын, тегін және әкесінің атын өзгертуге құқылы. Оған кез-келген себеп болуы мүмкін: біреулер отбасылық жағдайына байланысты өзгертіп жатса, басқалары – жеке көңіл қалауымен.

Аты-жөніңізді, сонымен қатар, азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер енгізу қызметіне өтінішті eGov.kz электронды порталы арқылы рәсімдеп, уақытты үнемдеуге болады. Сондай-ақ, сіз бұл қызметті АХАЖ бөлімдері мен жергілікті әкімдіктер арқылы рәсімдей аласыз.

Қажетті құжаттар тізімі:

• белгіленген үлгідегі өтініш;⠀
• жеке басын куәландыратын құжат;⠀
• 2 дана 3*4 өлшеміндегі фотосурет.

Мелекеттік баж көлемі:

• аты-жөнін өзгертуді тіркеу – 2 АЕК;
• аты-жөнін өзгерту актісі жазбасын өзгертуге, толықтыруға, түзетуге және қалпына келтіруге куәлігі үшін – 0,5 АЕК.

Қажет болған жағдайда АХАТ бөлімінің қызметкерлері қосымша құжаттар талап етуі мүмкін. Жеңілдігі бар жекелеген санаттағы азаматтар мемлекеттік баж төлемінен босатылады. Қызмет көрсету мерзімі - 5 жұмыс күні.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"