ОБЛЫСТАҒЫ БАЛАБАҚШАЛАР БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІ МЕ? ОНЛАЙН КОНФЕРЕНЦИЯ

Уақыты: 18.10.2021
Оқылды: 972
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті «Open Space» кеңсесі аясында бейнеконференция өткізді. Бұл туралы "Жетісу" газеті хабарлады.

Аталған іс-шараға Алматы облысы "Атамекен" кәсіпкерлік палатасының өкілі, сондай-ақ, Талдықорған қаласында орналасқан мектепке дейінге қызмет көрсететін балабақша басшылары қатысты.

Іс-шара барысында мектепке дейінге қызмет көрсету аясындағы проблемалық мәселелер қозғалып, сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің 2021 жылға арналған инфляцияға қарсы ден қою шаралары жөніндегі Жол картасын орындау мақсатында білім беру қызметі нарығына талдау жүргізу үшін балабақшалар тарапынан департаментке қажет ақпараттар талқыланды. Бұдан бөлек, Алматы облысы "Атамекен" кәсіпкерлік палатасының өкілі мен балабақша басшыларынан бірқатар сұрақтар қойылды.

Департамент тарапынан қойылған сұрақтарға толыққанды жауап берілді.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"