ЖЕЛ, ЖАҢБЫР, КӨКТАЙҒАҚ: АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА АУА РАЙЫ КҮРТ СУЫТАДЫ

Уақыты: 21.10.2021
Оқылды: 1118
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Алматы облысының төтенше жағдайлар департаменті ауа райына қатысты ескерту берді. Бұл туралы "Жетісу" газеті мәлімдеді.

"Қазгидромет" РМК-ның дауылды ескертуі негізінде 22 қазан күні Алматы облысында (әсіресе, таулы аудандарда) көктайғақ болады және тұман түседі. Сонымен бірге, қатты жауын-шашын күтіледі. Жаңбыр, қар жауады. Солтүстік-батыстан жел соғады. Желдің екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетеді. Ауа температурасы -1, -3 градусқа дейін суытады.

Осыған байланысты төтенше жағдайлар департаменті Алматы облысының тұрғындарын ауа райын бақылауға алуға және сақтық шараларын қатаң ұстануға шақырады.

Дауылды ескертулер және басқа да шұғыл ақпаратты «Дәрмен» тегін мобильді қосымшасы арқылы алуға болатынын ескертеміз.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"