ТАЛДЫҚОРҒАН ӘКІМДІГІНДЕ АУЫС-ТҮЙІС: ЖАҢА КАДРЛЫҚ ТАҒАЙЫНДАУ

Уақыты: 26.10.2021
Оқылды: 1088
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Талдықорған қаласы әкімінің орынбасары болып Қайрат Бұлдыбаев тағайындалды. Бұл туралы "Жетісу" газеті хабарлады.

Қайрат Найманбайұлы 1963 жылы 21 қарашада Алматы облысы Гвардия ауданы Көксу ауылында дүниеге келді. 2004 жылы І.Жансүгіров атындағы ЖМУ университетін кәсіптік оқыту бойынша тәмамдаған. Өзінің еңбек жолын 1984 жылы Талдықорған жүк тасымалдау автобасқармасы Көксу көлік кәсіпорнының шебері қызметінен бастаған. Алматы облысында «Автотехобслуживание» ЖШС директоры, Текелі қаласы әкімі аппараты Рудник кенті әкімінің міндетін атқарушы, Талдықорған қаласы Өтенай селолық округінің әкімі, Талдықорған қаласы ШЖҚ «Көркейту» МҚК бастығының міндетін атқарушы, Талдықорған қаласы «Көркейту» ШЖҚ МҚК бастығы, Талдықорған қаласы әкімінің орынбасары, Талдықорған қалалық мәслихатының хатшысы, Қаратал ауданың әкімі лауазымдарын атқарған. Жаңа қызметінің алдында «Алматы облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» ММ басшысының орынбасары болды.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"