КОРОНАВИРУСТЫҢ ЖҮРЕК ТАЛМАСЫНА ӘСЕРІ ҚАНДАЙ? ДӘРІГЕР ТҮСІНДІРДІ

Уақыты: 29.10.2021
Оқылды: 1056
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Статистика бойынша 2020 жылы Қазақстанда коронавирустан 3000-нан аса адам қайтыс болған. Ал қан айналымы жүйесі ауруларынан 30 000-нан астам адам көз жұмған. Бұл барлық елдерде жедел жүрек-қан тамырлары аурулары бар науқастарға медициналық көмекке жүгіну жағдайлары Сovid-19 пандемиясы кезінде айтарлықтай төмендегендігіне байланысты. Бұл пациенттер инфекциядан қорқады және медициналық көмекке жүгінбейді.

Жалпы, бүкіл әлемде 2020 жылы жүрек-қан тамырлары ауруларынан болатын өлім-жітім жоғарылады деп болжанып отыр. Бұл көрсеткіштердің жоғарылауы пациенттердің үйде миокард инфарктісін өз бетінше емдеумен айналысуынан болады.

- Жүрек-қан тамыр аурулары Сovid-19-ды жұқтыру қаупін арттырмайды. Алайда іс жүзінде, тіпті, дүниежүзілік ғылыми медициналық орталықтардың зерттеулеріне сәйкес, жүрек-қан тамыр жүйесі проблемалары жоқ пациенттермен салыстырғанда жүрек-қан тамыры аурулары бар науқастарда бұл аурудың ағымы әлдеқайда ауыр деп айтуға болады. Осы арқылы біз пациенттерімізде инфекция кезінде асқыну қаупі арта түсетінін айтқымыз келеді, - деп атап өтті Талдықорған қаласындағы Алматы облыстық кардиологиялық орталық директоры Нұрсан Сұрашев.

Тыныс алудың күрделі жеткіліксіздігінің коронавирус инфекциясының негізгі факторы гипоксия және дәл осындай фактор жүрек-қан тамыр жеткіліксіздігінің негізі болып табылады. Бұл екі аурудың қатар жүруі асқыну қаупін едәуір арттырады және екі аурудың ағымын ауырлатады дегенді білдіреді. Коронавирустық инфекциядан туындаған негізгі асқынулар - әртүрлі органдардың тамырлы тромбоздары.

Нұрсан Сейітұлының айтуынша, жүрек-қан тамырлары аурулары жоғары қауіпті топтағы науқастар және олар COVID-19 инфекциясынан барынша қорғануы керек.

Коронавирустық инфекцияның белгілері пайда болған кезде шұғыл түрде медициналық көмекке жүгіну немесе дәрігерді үйге шақыру қажет. Тағайындалған дәрі-дәрмектерді күнделікті қабылдау керек. Ешбір жағдайда кеудедегі ауырсынуға төзуге болмайды. Миокард инфарктісі адам өміріне өте қауіпті! Бірнеше сағат ішінде өліп кетуі мүмкін. Инфаркттан болатын өлім қаупі коронавирустық инфекцияға қарағанда едәуір жоғары.

Өзіңізді коронавирустық инфекциядан қорғау үшін қауіпсіздік шараларын сақтау қажет. Төмендегі кеңеске назар аударыңыз:

* өзін-өзі оқшаулау режимін сақтаңыз;
* адамдар арасындағы қашықтықты кемінде 1,5 метр ұстаңыз;
* үйден шығу қажет болған жағдайда жеке қорғаныс құралдарын - бетперде мен қолғаптарды пайдаланыңыз;
* қолды мұқият және жиі жуыңыз, оларды дезинфекциялық құралдармен өңдеңіз;
* адамдар көп топтасқан жерден аулақ болыңыз.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"