АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА КҮН -13 ГРАДУСҚА ДЕЙІН СУЫТЫП, ҚАЛЫҢ ҚАР ТҮСЕДІ

Уақыты: 03.11.2021
Оқылды: 1035
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Алматы облысының төтенше жағдайлар департаменті ауа райына қатысты маңызды ескерту жариялады. Бұл туралы "Жетісу" газеті хабарлады.

3-4 қараша күндері Алматы облысында қар, тұман, көктайғақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, желдің екпіні секундына 23-28 метрге дейін жетеді. Сондай-ақ облыс аумағында түнгі уақытта ауа температурасы -5, -10, кей жерлерде -13 градусқа дейін төмендейді.

Алматы облысының төтенше жағдайлар департаменті азаматтарды ауа райының өзгеруін бақылауға алуға және сақтық шараларына немқұрайды қарамауға шақырады. Дауылды ескертулер және басқа да шұғыл ақпаратты сіз «Дәрмен» тегін мобильді қосымшасын жүктеу арқылы ала аласыз.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"