ҰЙҒЫР АУДАНЫНДАҒЫ ЖОЛ АПАТЫ: ЕКІ КӨЛІК СОҚТЫҒЫСЫП, БІРНЕШЕ АДАМ КӨЗ ЖҰМДЫ

Уақыты: 04.11.2021
Оқылды: 968
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Ұйғыр ауданында көлік апатынан 5 адам мерт болды. Бұл туралы "Жетісу" газеті полиция департаментіне сілтеме жасап хабарлады.

Қайғылы жағдай Шонжы-Ақсу-Ұзынтам жолында орын алған. Оқиға сағат 10:25 шамасында аталған жолдың 3-ші шақырымында болған. «Алдын ала болжам бойынша «Audi» және «Nissan» көліктері соқтығысқан. Салдарынан екі көлік те отқа оранған. Екі транспорттың да жүргізушісі мен «Nissan» көлігінің бір жолаушысы оқиға орнында мерт болды. Тағы 3 жолаушы түрлі дене жарақатымен Шонжыдағы ауруханаға жеткізілді. Ол жерде екі адам көз жұмды. Ал 5 жастағы бала жансақтау бөлімінде жатыр», - делінген полиция хабарламасында.

Қазір аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"