ҚАПШАҒАЙ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ 71 ПАЙЫЗЫ ЕКПЕНІ ТОЛЫҚ ҚАБЫЛДАҒАН

Уақыты: 05.11.2021
Оқылды: 1379
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Соңғы тәулікте Қапшағай қаласы бойынша коронавирус ауруына қарсы екпемен 83 адам егілді. Ал жалпы қала тұрғындарының 71 пайызы екпені толық қабылдаған. Бұл туралы "Жетісу" газеті хабарлады.

Пандемия басталғаннан бері Қапшағайда COVID-19-дың 702 зертханалық расталған  жағдайы тіркелді, соңғы екі аптада 28 жағдай және соңғы тәулікте 2 жағдай анықталды. Аурудың өсу өсу қарқыны 0,2 пайызды құрайды.

Пандемияны жеңудің жалғыз жолы - вакцинация. Қапшағай қаласында ұжымдық иммунитетті қалыптастыру бойынша жүйелі жұмыс жүргізілуде. Өңірде барлығы 10 егу пункті мен 2 егу бригадасы жұмыс істейді. Вакцинаның бірінші компонентін бүгінде өңірде 27 454 адам алған. Бұл өңір халқының 80,3 пайызын құрайды. Вакцинаның II компонентін 25731 адам немесе халықтың 71 пайызы салдырған.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"