БҮГІН 74 АДАМ АУРУХАНАҒА ТҮСТІ: АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДАҒЫ ЭПИДАХУАЛ

Уақыты: 10.11.2021
Оқылды: 938
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Алматы облысында соңғы үш күнде 150 адамнан қауіпті індеттің белгісі табылды. Облыс қазір "жасыл аймақта" тұр. Бұл туралы "Жетісу" газеті хабарлады.

Мәселен, бүгін Алматы облысында 55 адамның коронавирус жұқтырғаны белгілі болды. Соның ішінде, Панфилов ауданында – 11 жағдай, Талдықорған қаласында – 10, Талғар ауданында – 6, Қаратал және Ұйғыр аудандарында – 4 жағдайдан, Еңбекшіқазақ және Іле аудандарында 3 жағдайдан, Алакөл, Қарасай, Көксу, Сарқан аудандары мен Қапшағай қаласында 2 жағдайдан, Ақсу, Балқаш, Ескелді және Жамбыл аудандарында 1 жағдайдан тіркелді. Сондай-ақ, өткен тәулікте 15 адам емделіп шыққан.

Ал 9 қарашада 61, 8 қарашада 34 адам коронавирусқа шалдықты. 10.11.2021 жылғы жағдай бойынша облыста 939 адам стационарлық ем қабылдауда. Бір тәулікте ауруханаларға 74 адам түсті. Ауруханалардағы төсек-орын саны - 2245. Төсек-орын жүктемесі – 41,8 пайыз. Соңғы 3 күнде 5812 адамның сынамалары ПЦР зертханаларда тексерілді.

Алматы облысы бойынша коронавирусқа қарсы вакцинаның 1-ші компонентін алғандар саны – 827 499. Екпенің 2-ші компонентін алғандар саны – 751 717.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"