ТӘУЕЛСІЗДІКТІҢ 30 ЖЫЛДЫҒЫ АЯСЫНДА 1000-НАН АСТАМ ІС-ШАРА ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

Уақыты: 10.11.2021
Оқылды: 1333
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Алматы облысында Тәуелсіздіктің 30 жылдығы аясында 1000-нан астам іс-шара өтті. Бұл туралы "Жетісу" газеті хабарлады.

30 жыл ішінде Қазақстан дамыды, дербес елге айналды. Алматы облысында Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу жоспары жүзеге асырылуда. Облыста мерейтой күнін мерекелеу бойынша өңірлік комиссия құрылды, іс-шаралар жоспары және медиа-жоспар бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Бүгінгі күні 1145 іс-шара өткізілді. Оның ішінде халықаралық деңгейде 5, республикалық деңгейде 11, облыстық және аудандық деңгейде 169, қалалық деңгейде 960 шара ұйымдастырылған Әр айдың тақырыптық бағыттарына сәйкес, мерейтойлық жылдың жарты жылдығында "Игі істер марафоны" жалпыұлттық жобасы, "30 игі іс" қайырымдылық акциясы, "Бірге таза Қазақстан үшін" сенбілігі, "Тәуелсіздік бәрінен қымбат" ғылыми конференциясы, Алматы облысы халық театрларының фестивалі, "Мен Қазақстанның патриотымын!" акциясы,"Ел Астанасы" фотокөрмесі және тағы басқа шаралар қолға алынды.

Жыл басынан бері облыс бойынша 100-ден астам нысан ашылды. Оның ішінде 76 тұрғын үй, 6 мектеп, 135 балабақша, 3 спорт алаңы, 3 денешынықтыру кешені, 3 дәрігерлік амбулатория, 2 Мәдениет үйі бар. Сондай-ақ, түрлі өндірістік және әлеуметтік-мәдени нысандар ашылды.

ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай арнайы "Тәуелсіздіктің мен үшін маңызы" челленджі, сондай-ақ, баспа басылымдары мен "Instagram", "Facebook", "ВКонтакте" әлеуметтік желілері парақшаларында іс-шаралар бойынша #Qazaqstan30 хэштегімен 246 жарияланым орналастырылған.

Облыста Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойы аясында "Еріктілер жылының" жалғасы ретінде "Игі істер марафоны" жалпыұлттық жобасы іске асырылып жатқанын атап өту маңызды.

Мемлекет басшысы айқындаған волонтерліктің 7 бағыты шеңберінде және облыста 13 мыңнан астам адамды қамтыған 1051 акция өткізілді. Сондай-ақ, облыста азық-түлік жәрмеңкелері, ашық сабақтар, фотокөрмелер, ғылыми конференциялар мен акциялар ұйымдастырылуда.

Айта кетейік, 16 қараша мен 16 желтоқсан аралығында Тәуелсіздік күніне орай 30 жұлдызды күн аясындағы іс-шаралар жоспары бекітілді.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"