АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА ЖАҢА ТҮРМЕ САЛЫНАДЫ: МИНИСТРДІҢ МӘЛІМДЕМЕСІ

Уақыты: 11.11.2021
Оқылды: 1133
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Қазақстанның Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев жаңа төрт колонияның құрылысы жоспарланғанын айтты. Оның біреуі Алматы облысында бой көтермек.

Zakon.kz сайтының мәліметінше, төрт түрме мемлекеттік-жеке меншік әріптестік аясындағы үлкен жоба әрі бұл нысандар Алматы, Ақтөбе, Маңғыстау және Түркістан облыстарында салынады. "Таяудағы үш жылда біз осындай төрт мекеменің құрылысын салуды жоспарладық. Әрбір колонияда 1,5 мыңға дейін сотталған адам болады. Бұл колониялардың әрқайсысында арнайы өнеркәсіптік аймақтар қарастырылады. Бұл аталған мекемелер аумағының шамамен 50 пайызы", - деді Ерлан Тұрғымбаев Мәжілістегі Үкімет сағаты кезінде.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"