АЛДАҒЫ ТӨРТ ЖЫЛДА ОБЛЫСТА ТАҒЫ 115 МЕКТЕПТІҢ ІРГЕТАСЫ ҚАЛАНАДЫ

Уақыты: 11.11.2021
Оқылды: 1284
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Алматы облысында алдағы жылдары 115 мектептің іргетасы қаланады. Бұл туралы Алматы облысының әкімі Амандық БАТАЛОВ айтты.

- «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасы аясында үш ауысымдағы оқыту проблемасын шешу үшін 2021-2025 жылдары 115 мектеп салуымыз керек. Биыл жоспарланған 17 мектептің 5400 орынға арналған 12-сі пайдалануға берілді. Оның ішінде алтауы жеке мектеп. Жыл соңына дейін қалған бесеуі тапсырылады, - деді А.Баталов Орталық коммуникациялар қызметінде.

Оның айтуынша, 137 мектепке қатысты жаңғырту жұмыстары жүріп жатыр, бұл жұмыстарға 11,3 млрд.теңге қарастырылған. «Жыл басынан бері 9590 орынға арналған 135 балабақша ашылды», - деді әкім.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"