САРЫӨЗЕКТЕГІ ӘСКЕРИ БӨЛІМДЕ КОМАНДИРЛІК ДАЙЫНДЫҚ ЖҰМЫСЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ

Уақыты: 13.11.2021
Оқылды: 979
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Сарыөзек гарнизонында орналасқан артиллериялық бригаданың жауынгерлік даярлық жоспарына сәйкес, бөлімнің батарея командирлерімен дайындық жұмыстары өтті.

Батарея командирлерінің жиынына бөлім командирінің жауынгерлік дайындық жөніндегі орынбасары, подполковник Шыңғыс Жұмашев басшылық етті. Командирлік дайындықты бөлімнің басқарма офицерлері мен нұсқаушылары өткізді. Басты мақсат – батарея командирлерінің жеке құрамды оқыту мен тәрбиелеудегі командирлік дағдыларын арттыру, сондай-ақ, олардың жауапкершілік сезімін дамыту.

Барлық сабақтар санат бойынша кезең-кезеңімен бір айлық жиындық іс-шаралар әдісімен ұйымдастырылды.

 Оқу барысында батарея командирлері кәсіби даярлықтарын жетілдіруге өз пікірлерін білдірді.

– Командирлік дайындық сабағы негізгі элементтерінің бірі болып табылады. Ол командалық буын әскери қызметшілеріне лауазымдық міндеттерді орындау және іс-қимылдарды ұйымдастыру, қару-жарақ пен әскери техниканың жаңа түрлерін, сабақтарды дайындау және өткізу әдістемелерін зерделеу үшін қажетті білім, – деп түсіндірді подполковник Шыңғыс Жұмашев.

Командирлік дайындық сабағы соңында батарея командирлерінің дайындық деңгейі бағаланып, үлгерімі бойынша рейтинг шығарылатын болады. Осындай командирлік жиын әскери бөлімде жылына екі рет өткізіледі.

Абзал САРТАЕВ,

Сарыөзек гарнизоны баспасөз қызметінің бастығы, майор

Кербұлақ ауданы

Алматы облысы