ҚАР, ТҰМАН, КӨКТАЙҒАҚ. АЛДАҒЫ ҮШ КҮНДЕ АУА РАЙЫ ӨЗГЕРУІ МҮМКІН

Уақыты: 16.11.2021
Оқылды: 1078
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Алматы облысының төтенше жағдайлар департаменті ауа райына қатысты кезекті ескертуін жариялады. Бұл туралы "Жетісу" газеті мәлімдеді.

"Қазгидромет" РМК-ның дауылды ескертуі негізінде 16-18 қараша күндері Алматы облысында қар, тұман, көктайғақ күтіледі. Жел солтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа ауысып соғады, желдің екпіні 28-30 м/с-қа дейін жетеді.

Алматы облысының төтенше жағдайлар департаменті азаматтарды ауа райының өзгеруін бақылауға және сақтық шараларын ұстануға шақырады. Дауылды ескертулер және басқа да шұғыл ақпаратты жедел алу үшін сіз «Дәрмен» тегін мобильді қосымшасын жүктей алатыныңызды ескертеміз.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"