ЖҮРГІЗУШІ КУӘЛІГІН АЛУДЫҢ БЕС ЖОЛЫ БАР. ОЛ ҮШІН НЕ ІСТЕУ КЕРЕК?

Уақыты: 16.11.2021
Оқылды: 1184
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Жүргізуші куәлігін алудың бес қадамы бар. Егер сіз жүргізуші куәлігін алғыңыз келсе, емтиханды сәтті тапсыру үшін бірнеше қадамды білгеніңіз абзал.

Қиын ештеңесі жоқ. Төмендегі бастапқы жүргізуші куәлігін алу бойынша қадамдық нұсқауларды оқыңыз:

1-қадам: білім алу үшін жақсы оқу курсын таңдаңыз. Жол қозғалысы ережелерінің теориясын өз бетіңізше де меңгеруге болады. Бірақ көлікті жүргізу сабақтарын міндетті түрде нұсқаушымен өтіңіз.

2-қадам: құжаттар жинау. Қажетті құжаттар: жеке куәлік, 073 үлгісіндегі меданықтама, автокурсты бітіргені туралы куәлік (болған жағдайда) және мемлекеттік баж салығын төлегеніңіз туралы түбіртек. Мемлекеттік баждың мөлшері 1,25 айлық есептік көрсеткішті құрайды.

3-қадам: теориялық емтихан. 40 минут ішінде 40 сұрақтың 32-сіне дұрыс жауап берсеңіз, емтиханды сәтті өткеніңіз.

4-қадам: автодромда практикалық емтихан өту. Мұнда арнайы көлікпен 12 жаттығуды орындауға 20 минут уақыт беріледі.

5-қадам: дайын құжатты алу. Екі емтиханды да сәтті тапсырсаңыз, сізге жүргізуші куәлігі беріледі.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"