ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙ ДЕПАРТАМЕНТІ ЖІБЕРЕТІН ЕСКЕРТУЛЕРДІ ЕЛЕУСІЗ ҚАЛДЫРМАҢЫЗ!

Уақыты: 20.11.2021
Оқылды: 1337
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Алматы облысында барлық бағыттағы автожолдар ашық. Алайда сапарға шығар алдында төтенше жағдай қызметі жіберетін хабарламаларға назар аудару өте маңызды. Бұл туралы "Жетісу" газеті хабарлады.

Мәселен, өткен екі күн ішінде Алматы облысында қарлы боран соғып, бірнеше бағыттағы жолдар жабылды. Атап айтқанда, Сарыөзек-Көктал, Алматы-Өскемен, Қапал-Арасан, Көксу-Қарабұлақ, Аралтөбе-Онжас бағытындағы жолдардың бірнеше учаскесінде қозғалыс шектелді. Аталған жол учаскелерінде қарлы боран мен көктайғақтың салдарынан жүру қиындаған. Сондай-ақ, жол көрінбей қалған.

Алматы облысының төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарды ауа райына қатысты ескертулерге құлақ асып, смс-хабарламаларға назар аударуды сұрайды.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"