АЛАКӨЛ ӨҢІРІНДЕ БОРАН СОҒАДЫ. АУА РАЙЫНА ҚАТЫСТЫ ТАҒЫ БІР ЕСКЕРТУ

Уақыты: 20.11.2021
Оқылды: 1254
Бөлім: КҮНДЕРЕК

"Қазгидромет" РМК-ның дауылды ескертуі негізінде 21-22 қараша күндері Алматы облысының Алакөл өңірінде оңтүстік-шығыстан жел соғады.

Алматы облысының төтенше жағдайлар департаментінің мәлімдеуінше, желдің екпіні 23-28 м/с-қа дейін жетеді. Осыған байланысты азаматтарды ауа райының өзгеруін бақылауға және сақтық шараларын ұстануға шақырамыз.

Дауылды ескертулер және басқа да шұғыл ақпаратты жедел алу үшін «Дәрмен» тегін мобильді қосымшасын жүктей аласыз.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"