ҚАСКЕЛЕҢДЕ ЖҮКТІ ӘЙЕЛ ПЕРЗЕНТХАНАНЫҢ ТЕРЕЗЕСІНЕН СЕКІРМЕК БОЛДЫ

Уақыты: 24.11.2021
Оқылды: 1151
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Қаскелеңде перзентхананың үшінші қабатынан жүкті әйел секірмек болды. Бұл туралы "Жетісу" газеті полиция департаментіне сілтеме жасап хабарлады.

«Қаскелең перзентханасының дәрігерлері терезеден секірмек болған жүкті әйелді құтқарып қалды», - деп жазды желі қолданушыларының бірі. Алматы облыстық полиция департаменті аталған оқиғаны растады. «Алматы облысының полиция департаменті оқиғаның Қаскелең қаласының перзентханасында болғанын хабарлайды. Қарасай ауданының 41 жастағы тұрғыны 3-қабаттың терезесінен секіруге тырысқан», - деп жауап берді полиция өкілдері.

Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы негізінде қылмыстық іс тіркелді және оның шеңберінде оқиғаның барлық мән-жайы анықталатын болады.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"