АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА ТАҒЫ ДА ЖОЛ АПАТЫ: ЕКІ АДАМ КӨЗ ЖҰМДЫ, ОНЫҢ БІРЕУІ - БАЛА

Уақыты: 28.11.2021
Оқылды: 1011
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Алматы облыстық полиция департаменті Алматы-Көкпек-Көктал тас жолында болған бірнеше жол апатына қатысты пікір білдірді. Бұл туралы "Жетісу" газеті мәлімдеді.

«27 қараша күні түнгі сағат 23:00 шамасында Талғар ауданы аумағында жола апаты болды. Алдын ала болжам бойынша, Киа-Рио көлігінің 21 жастағы жүргізушісі Алматы-Көкпек-Көктал тас жолында рөлге ие бола алмай, жаяу жүргіншіні қағып кетті. 52 жастағы тұрғын оқиға орнында мерт болды», - делінген полиция хабарламасында.

Қазір ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы, 3-бөлігіне сәйкес іс қозғалып, сараптамалар тағайындалған. Сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Сонымен қатар, 27 қараша күні Алматы облысында үш көлік соқтығысып, 13 жастағы бала көз жұмды. Оқиға тағы да «Алматы-Көкпек-Көктал» тас жолында болған. Алдын ала болжам бойынша, Kia Sportage көлігі батыс бағытпен келе жатып, бұрылыста бұрылғалы тұрған Volkswagen Golf көлігіне соғылған. Соққының салдарынан Volkswagen Golf қарсы бағытқа шығып кетіп,Toyota Ipsum көлігімен түйіскен.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"