АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА ЗАҢСЫЗ ІШІМДІК ЖАСАЙТЫН ТАҒЫ БІР ЗАУЫТ ЖАБЫЛДЫ

Уақыты: 02.12.2021
Оқылды: 1055
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Іле ауданында ішімдіктерді қолдан жасап, екі рет сотталған адам тағы полицияның назарына ілікті.

41 жастағы азаматтың арақ жасайтын жасырын цехынан 110 литр спирт тәркіленді. Қылмыс Боралдай ауылында тіркелді. Қаржы мониторингі агенттігі Алматы облысы бойынша департаментінің мамандары тексеру барысында «Хаома», «Хортица», «Беленькая» және «Талка» маркалы ішімдік өнімдері қолдан жасалғанын анықтады.

«1980 жылы туған азаматтың заңсыз цехын тексеру барысында 11 500 акциздік марка, 110 литр спирт, 120 бөтелке және өзге де ішімдік жасайтын заттар тәркіленді. Бұл азамат осы қылмысты екі рет жасап, сотталған. Қазір оның үстінен тағы да қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр», - делінген аталған құзырлы мекеме хабарламасында.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"