ТАЛДЫҚОРҒАНДА ЖАЙДАРМАНШЫЛАР ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ. БІРІНШІ ОРЫН КІМДЕ?

Уақыты: 03.12.2021
Оқылды: 1215
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Талдықорғанда Алматы облысы әкімінің кубогі үшін "Жайдарлы Жетісу - 2021" республикалық көңілді тапқырлар клубының фестивалі өтті. Шараға еліміздің әр аймағынан 10-нан аса команда қатысты. Бұл туралы "Жетісу" газеті хабарлады.

Шараның мақсаты - қазақша жайдарман ойынын дамыту, жастардың бос уақытын тиімді өткізуді үйлестіру, ой қабілетін дамыту, өмірге деген позитивті көзқарасын ұлғайту, сонымен бірге, жастар саясатын тиімді жүзеге асыру.

Фестивальда «Қазақстан КВН одағы» республикалық жастар қоғамдық бірлестігінің президенті Есен Елеукен кіріспе сөз сөйлеп, шараны жүргізіп отырды. Шараға Талдықорғаннан бөлек, Оралдан, Өскеменнен, Семейден танымал командалар келіп, өз өнерлерін ортаға салды.

Тартысты ойын қорытындысы бойынша бірінші орынды Талдықорған қаласының «Креатив» командасы жеңіп алды. Екінші орын Алматы қаласының «АТУ» командасына бұйырса, үшінші орынды жетісулық «Шапалақ» иеленді. Үздік ойыншы номинациясына "Жарлыөзек" командасындағы Құрметбек Есілжан лайықты деп танылды. Жарысқа қатысушы барлық командалар облыс әкімінің Алғыс хатымен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"