БЕЛСЕНДІ ОҚЫТУ ДЕГЕНІМІЗ НЕ? МҰҒАЛІМ МЕН ОҚУШЫ АРАСЫНДАҒЫ МӘСЕЛЕЛЕР

Уақыты: 03.12.2021
Оқылды: 2812
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Ұстаз ойшыл болмаса,

Шәкірт ұшқыр болмайды. (Халық даналығы).

Заманауи білім берудің мақсаты, оның ұйымдастырушылық құрылымы, ақпараттық коммуникативтік технологиямен қамтамасыз етілуін, білім беру үрдісіндегі оқыту әдістемесі қоғамның әлеуметтік сұранысынан туындайды.

Осы уақытқа дейін білім беру үрдісінің негізгі бөліктері: мақсат —> мазмұн —> форма —> әдіс —> оқыту көрнекілігі болса, ал қазір заман ағымына сай оқып үйрену —> меңгеру —> өмірге ендіру —> дамыту болып өзгеріп отыр.

Бүгінгі күннің өзекті мәселесі - оқушыларды қарапайым болса да өз ойларын еркін жеткізіп қана қоймай, өзара тіл табысып, пікір алысуға үйрету. Өз сыныбымдағы негізгі мәселе оқушылардың өз ойын толық жеткізе алмауы, тілдік дағдылары толық жетілмегендігі, өз ана тілінде еркін сөйлей алмауынан білім алушылардың оқу материалын толық меңгере алмауына әкеп соқты. Сондықтан, өз тәжірибеме оқыту мен оқудың жаңа тәсілдерін қолдана отырып, диалогтық оқытудың әдіс-тәсілдерін сабақта тиімді қолдана отырып оң нәтиже беретіндігін түсіндім.

Педагогикалық тәжірибе өзектілігі оқыту немесе оқу диалогы өзіндік ерекшелігі бар қатынас құралы. Бұл балалардың өзара қатынасы, мұғалім мен балалардың, балалар мен оқытушы арасындағы қатынас. Оқу үрдісі тілдесу арқылы жүзеге асады. Қазіргі заман оқушысы оқу бағдарламасының білім, білік дағдыларын меңгеру ғана емес, білімді өз бетімен іздеп, оқып үйренуі керек. Ол өзінің оқу қызметін ұйымдастыра отырып, оқу оқуға дайындығын және оқуға икемділігін жоспарлауы тиіс. Сондықтан, оқушы мен оқытушының бірлескен оқыту әдісі монологтан диалогқа қарай ауысуы қажет деп ойлаймын.

Ендеше, білім саласында болып жатқан жаңалықтарды дер кезінде қабылдап, дұрыс әрі жүйелі қолдансақ, алдымыздағы оқушылардың оқуға деген қызығушылықтары артып, білім сапасы жоғарылайды.

Әріптестеріме өз тәжірибемнен бөлісіп, оқу үрдісіндегі туындаған қиыншылықтар мен жетістіктерім жайлы үнемі пікір алмасамын.

Антонида МОСТОВА,

"Сарыөзек орта мектебі" МДШО бастауыш сынып мұғалімі

Кербұлақ ауданы

Алматы облысы

Сурет - ғаламтордан