ТАЛҒАРДЫҢ ӘКІМІ: "ҮЙІ ӨРТЕНІП, ДАЛАДА ҚАЛҒАНДАРҒА ЖАҢА БАСПАНА САЛЫНАДЫ"

Уақыты: 05.12.2021
Оқылды: 1080
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Талғар ауданына қарасты Төңкеріс ауылында өрттен зардап шегіп, баспанасыз қалғандарға жаңа үй салынады. Бұл туралы Талғар ауданының әкімі Қайдар Әбдіханов мәлімдеді.

Өртенген пәтерлермен бірге өрттен аман қалған баспана да түгел сүрілетін болды. Мамандар болашақ құрылыстың жобасын жасауға кірісіп кетті. «Қаржы көлемі қажетті құрылыс материалдары есептеліп болған соң белгілі болады», - делінген Талғар ауданы әкімінің баспасөз қызметінің хабарламасында.

Естеріңізге сала кетейік, 30 қараша күні Талғар ауданына қарасты Төңкеріс ауылында 8 пәтерлі үй өртеніп, 34 адам үйсіз қалған болатын. Алматы облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметі бойынша, үйдегі өрт электр желісінің қысқа тұйықталуынан шыққан.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"