ҚАР, ТҰМАН, КӨКТАЙҒАҚ: АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНА АРНАЛҒАН АУА РАЙЫ БОЛЖАМЫ

Уақыты: 08.12.2021
Оқылды: 1137
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Алматы облысының төтенше жағдайлар департаменті ауа райына қатысты тағы бір ескерту жариялады.

"Қазгидромет" РМК-ның ескертуі негізінде 9 желтоқсан күні Алматы облысының солтүстік-шығысы мен оңтүстігінде тұман түсіп, көктайғақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетеді, сондай-ақ, облыстың таулы аудандарында қар жауады.

"Алматы облысының тұрғындарын ауа райының өзгеруін бақылауға және сақтық шараларын ұстануға шақырамыз. Дауылды ескертулер және басқа да шұғыл ақпаратты жедел алу үшін «Дәрмен» тегін мобильді қосымшасын жүктей аласыз", - делінген Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Айта кетейік, бүгін Алматы облысының солтүстік-шығысында қалың тұман түсті.