АЛМАТЫДА ТӘУЕЛСІЗДІКТІҢ 30 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ АУҚЫМДЫ ФОРУМ ӨТЕДІ

Уақыты: 10.12.2021
Оқылды: 1592
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Алматыда 2021 жылдың 13 желтоқсанында Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орайластырылған Blockchain Startups Weekend 3.0 форумы өтеді. Бұл туралы "Жетісу" газеті хабарлады.

Форумды стартаптар мен инвесторларға арналған платформа Crowdsale Network, C.Invest компаниясы, Қазақстан блокчейн технологиялар қауымдастығының және ВуВіt криптовалюта биржасы қолдауымен ұйымдастырылады.

Форумның мақсаты – қалың жұртшылықты блокчейн технологиясының және криптоиндустрияның майнинг, стекинг, трейдинг, DeFi, Game-Fi, NFT сияқты негізгі  бағыттарымен таныстыру, сондай-ақ, отандық әзірлеушілердің стартап жобаларымен таныстыру.

Шараға Қазақстандағы мемлекеттік органдардың өкілдері, венчурлық инвесторлар, сарапшылар мен сала жетекшілері қатысады. Олардың қатарында: Crowdsale Network стартаптар мен инвесторларға арналған платформаның негізін қалаушы Ерлан Думанұлы, C.Invest бас директоры Диана Васильева, МОST Ventures басқарушы серіктесі Алим Хамитов және тағы да басқалар бар. Қазақстан блокчейн технологиялар қауымдастығы президиумының төрағасы Исламбек Салжанов арнайы шақырылған қонақ ретінде сөз сөйлейді.

- Стартап және венчурлық капиталдың экожүйесін 10 жыл бойы дамыта отырып, мен осы салаларды дамытуға бағытталған әрбір кәсіби қызметтің маңыздылығын түсінемін. Бізде қызықты бәсекеге қабілетті өнімдерді жасайтын көптеген таланттар бар. Сондықтан мен МОST Ventures компаниясының атынан осы білім беру форумын қолдауды жөн көрдім, жастармен әңгімелесу, тәжірибе алмасу, біздің экожүйенің мүмкіндіктері туралы айту үшін. Сонымен қатар, форум барысында криптовалютаға инвестиция салу мүмкіндіктер мен тәуекелдер, криптоиндустриядағы қор нарығындағы институционалдық инвесторлардың рөлін талқылау бөлек сала болады, - дейді ол.

Үшінші жыл өтіп отырған Blockchain Startups Weekend 3.0 форумының ерекшілігі NFT жұмыстарының аукционы және «Startup Battle» болады, оған өз әзірлемелерімен 12 команда қатысады. Шақырылған венчурлық инвесторалар барлық салада одан әрі дамыту және орналастыру үшін әлеуетті бар жобаларға қолдау көрсете алады.

- Өз дамуында керемет секіріс жасаған елдердің мысалдары бар және әдетте бұл бүкіл халық бір идеяға батып кеткен кезде болады. Қазақстан халқы блокчейн, крипотвалюта, ІТ, электронды коммерция сияқты жаңа технологиялар саласында білім алып, әртүрлі салаларда болып жатқан жаһандық өзгерістерден хабардар болып қана қоймай, белсенді түрде атсалысып, игілігін көруін тілейміз, - деді Crowdsale Network стартаптар мен инвесторларға арналған платформалардың негізін қалаушы Ерлан Думанұлы.

Шара 2021 жылдың 13 желтоқсанында, сағат 10.00-де Алматы қаласы, Сейфуллин даңғылы, 506 үй, «Rixos Almaty» қонақүйінде өтеді. Байланыс телефоны: 8 776 890 88 48 Жеңіс. Толығырақ мына сілтемеден біле аласыз.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"