АЛАКӨЛ ӨҢІРІНДЕ ҚАТТЫ ЖЕЛДІҢ САЛДАРЫНАН КӨЛІК ҚОЗҒАЛЫСЫ ШЕКТЕЛДІ

Уақыты: 12.12.2021
Оқылды: 1152
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Алматы облысының төтенше жағдайлар департаменті ауа райы мен жолдардың жабылуына байланысты маңызды хабарлама таратты. Бұл туралы "Жетісу" газеті мәлімдеді.

Департаменттің хабарлауынша, Алакөл өңірінде қатты желдің салдарынан бірнеше бағыттағы жолдар жабылған. Үшарал-Жалаңашкөл, Үшарал-Қамысқала, Үшарал-Достық бағытындағы жолдарда көлік қозғалысы шектелді. Сондай-ақ, облыстың оңтүстік аймақтарында қалың тұман түсетіні, кей жерлерде қар, қар аралас жаңбыр жауатыны ескертілуде.

Осыған байланысты төтенше жағдайлар департаменті ұялы телефонға келетін смс-хабарламаларға, ақпарат құралдарында жарияланған ескертулерге назар аударуды сұрайды.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"