АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ ВАКЦИНАНЫ ҚАЙТА ЕКТІРІП ЖАТЫР

Уақыты: 13.12.2021
Оқылды: 1277
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Алматы облысында 9000-нан астам адам COVID-19-ға қарсы ревакцинация курсынан өтті. Бұл туралы "Жетісу" газеті хабарлады.

Сарапшылардың пікірінше, вакцина коронавирустан қысқа мерзімде қорғаныс күшін береді, сондықтан, бүгінгі күні иммунитетті күшейту үшін ревакцинация курсынан өту маңызды. Қайта егу бастапқы вакцинация сияқты аурудан кейін де иммундық жүйеге вирустың көрінісін "есте сақтауға" көмектеседі. Демек, иммундық реакцияны жұмылдыру оның шабуылы жағдайында тезірек жүреді және ауыр ағым мен өлім қаупі төмендейді.

Індетке қарсы ревакцинация белсенділігі жойылған вакциналарды және М-РНК вакциналарды енгізгеннен кейін 6 айдан кейін жүргізіледі.

2021 жылғы 22 қарашадан бастап Алматы облысында COVID-19-ға қарсы ревакцинация басталды. Қазіргі уақытта ревакцинация үшін "QazVac" және "Sinopharm" (Vero Cell) инактивтендірілген вакциналары қолжетімді.

Бірінші кезекте ревакцинацияға халықтың осал топтары - медициналық-әлеуметтік мекемелердің, жабық балалар мекемелерінің медицина қызметкерлері, педагогтары, персоналы мен контингенті, күш құрылымдарының қызметкерлері, 60 жастан асқан адамдар, КВИ-ға қарсы вакцинациялаудың аяқталған курсынан кейін КВИ-ға қарсы антиденелер табылмаған, сондай-ақ, өз бетінше тексерілген және КВИ-ға қарсы антиденелерге теріс зерттеу нәтижесі бар иммунитеті әлсіз адамдар жатады.

Бүгінгі таңда облыста КВИ-ға қарсы иммундық жүйені 9114 адам нығайтты. Оның ішінде 4809 медицина қызметкері, 1035 педагог, 217 күш құрылымдарының қызметкері және 2384 адам антиденелерге өздігінен тексерілгендер болып табылады. Бұдан басқа, бүгін Алматы облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Е.Сыдыманов, басшының орынбасары А.Чарапиев, эпидемиологиялық бөлім басшысы С.Қапсаламова және департаменттің баспасөз хатшысы А.Шагиахмет ревакцинация курсынан өтті.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"