ҚАБАНБАЙ АУЫЛЫНДА "БІР ТЕРЕЗЕМЕН" ЖҰМЫС ІСТЕЙТІН ӘКІМДІК АШЫЛДЫ

Уақыты: 17.12.2021
Оқылды: 1616
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Тәуелсіздік мерекесіне орай Алакөл ауданына қарасты Қабанбай ауылдық округінде жаңа форматтағы сервистік әкімдігі ашылды.

Жаңа әкімдік «Jetisy adaldyk alany» жобасы аясында жүзе асты. Онда ауыл тұрғындарына жер қатынастары және сәулет мәселелерінен бөлек мемлекеттік қызметтің 37 түрі ұсынылады. Кеңсе «бір терезе» қағидасы бойынша жұмыс істейді. Яғни, келушілер қажетті қызмет түрін аудан орталығына бармай, уақыттарын тиімді пайдаланып, бір жерден ала алады.

Жобаның басты мақсаты – азаматтардың мемлекеттік қызметкерлерге деген сенімін арттыру. Жалпы, мұндай әкімдік облыс деңгейінде 24 болса, аудан бойынша екінші рет ашылып отырған орталық. Айта кету керек, «Open Ѕрасе» жаңа форматта қызмет көрсететін кеңседе электрондық үкімет порталын да қолдануға болады.

- Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай ашылып отырған сервистік әкімдіктің ауыл жұртшылығына пайдасы мол. Бұл дегеніміз кез-келген анықтаманы, арыз-шағымды және басқа қызмет түрлерін алуға үлкен мүмкіндік, – дейді мемелекеттік қызметтер мониторингі және ақпараттық технологиялар бөлімшесінің басшысы Д.Маманов.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"