АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА ЕКІ КҮНДЕ 15 АДАМНАН КОРОНАВИРУС АНЫҚТАЛДЫ

Уақыты: 21.12.2021
Оқылды: 1208
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Алматы облысында Тәуелсіздік мерекесінің төрткүндік демалысында індеттің өршуі тіркелген жоқ. Мерекеден кейінгі екі күнде облыста 15 адамнан коронавирус анықталды. Бұл туралы "Жетісу" газеті хабарлады.

Алматы облысында бүгінгі таңда індеттің 57 650 жағдайы тіркелген, оның ішінде 43 124 адамда симптом белгілері бар. Соңғы екі аптамен салыстырғанда облыс бойынша КВИ-дің өсу қарқыны 0,02 пайызға дейін төмендеді. Аудан, қалаларға бөліп қарасақ, Алакөлде - 4, Балқашта - 1, Еңбекшіқазақта - 2, Іледе - 1, Жамбылда - 1, Панфиловта - 1, Кегенде - 1 ковид жағдайы шықты. Сондай-ақ, 21 желтоқсанда вакцинаның бірінші компонентін 881 433 адам, екінші компонентін 816 989 адам салдырды.

Еске салсақ, кеше Алматы облысында небәрі 4 адамның індет жұқтырғаны белгілі болды.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"