ЖАЙЫЛЫМДА ШОПАНҒА ОҚ АТҚАН ӨЗБЕК АЗАМАТЫ ҚАМАУҒА АЛЫНДЫ

Уақыты: 21.12.2021
Оқылды: 1308
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Алматы облысының полициясы тағы бір қылмыстың бетін ашты.

Жамбыл аудандық полиция бөліміне Қаншеңгелді ауылынан 70 шақырым жердегі жайылымнан кеудесінен оқпен жараланған Ұзынағаш ауылының 42 жастағы тұрғыны ауруханаға жеткізілгені туралы хабарлама келіп түсті. Аталған факт ҚР Қылмыстық кодексінің "кісі өлтіруге оқталу" баптары бойынша тіркелді.

Оқиға орнына шыққан жедел тергеу тобы ақпаратты растады. Бастапқы тергеу әрекеттерін жүргізу кезінде полиция қызметкерлері шамамен бір ай бұрын жұмысқа келген Өзбекстан Республикасының 31 жастағы азаматын анықтап, ұстады. Күдіктіден оның жұмыс берушісіне тиесілі 16 калибрлі екі ұңғылы аңшылық мылтық тәркіленді. Ұсталған азамат кінәсін мойындады.

- Іс материалдары бойынша шопандар арасында аумақтық шағымдарға байланысты жанжал орын алған. Қажетті сараптамалар тағайындалды. Тергеу судьясы күдіктіге екі ай қамауда ұстау түрінде бұлтартпау шарасын санкциялады. Өзге ақпарат жария етілмейді, - деп хабарлады Жамбыл аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары, полиция подполковнигі Айдын Жексенбаев.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"