АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА ШЫРША МЕРЕКЕСІ ӨТЕ МЕ? БАС САНИТАРДЫҢ ЖАУАБЫ

Уақыты: 21.12.2021
Оқылды: 1229
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Алматы облысында бұқаралық іс-шараларды, корпоративтерді, мектеп шыршаларын өткізу бойынша қандай шектеу шаралары енгізілді? Бұл сауалымызға Алматы облысының бас мемлекеттік-санитариялық дәрігері Ерғали Сыдыманов жауап берді.

Облыстың бас санитарының айтуынша, "ASHYQ" жобасына қатысатын объектілер үшін салтанатты, еске алу, отбасылық және басқа да бұқаралық іс-шараларды өткізуге мынадай жағдайларда рұқсат етіледі:

- қызметкерлер мен келушілердің қауіпсіз "жасыл" мәртебесі болған кезде;

- (облыс жасыл аймақта орналасқандықтан) 100 орыннан артық емес және 50 пайызға дейін толған кезде;

- 2021 жылғы 2 қыркүйектегі №38 ҚР Бас мемлекеттік-санитариялық департаменті қаулысында қойылатын алгоритмдерде көрсетілген санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуы қамтамасыз етілгенде (температураны өлшеу, персоналға нұсқама беру, жеке қорғану құралдарын уақтылы ауыстыру, дезинфекциялау, жуу және антисептикалық құралдардың қажетті қорын қадағалау, нұсқама жүргізу журналын толтыру, маскаларды, респираторларды, сулықтарды, жабдықтарды  өңдеу, үй-жайларды жинау);

- периметр бойынша келушілер арасында кемінде 2 метр қашықтықты сақтай отырып, орындықтардың арасындағы қашықтық кемінде 2 метр және 60 сантиметр болғанда;

- үй-жайда қатаң маскалық және дезинфекциялық режим қамтамасыз етілгенде.

Ал "ASHYQ" жобасына қатыспайтын объектілер үшін салтанатты, отбасылық және басқа да бұқаралық іс-шараларды өткізуге тыйым салынады!

Мектептерде, колледждерде, ЖОО-да, балабақшалар мен жатақханаларда Жаңа жылды мерекелеуге байланысты жалпы бұқаралық іс-шараларды өткізуге тыйым салынады. Мектептерде жаңа жылдық іс-шараларды "Бір сынып - бір кабинет" қағидатын сақтай отырып өткізуге болады.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"